Бүгін біздің мектепте оқушылармен қауіпті трендтер мен олардың денсаулыққа зиянды әсері туралы тәрбие жұмысы өткізілді. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде және интернетте кең таралған кейбір трендтер жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіруде. Мектеп ұжымы бұл мәселені ескере отырып, оқушылар арасында осындай трендтерді алдын алу үшін арнайы кездесу ұйымдастырды.