Меню KDT

logo.png?_=1716270841

Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің" Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі"
  • kz
  • ru
  • Все новости

    “Зияткерлік модернизация: Әлихан Бөкейхан мектебіндегі шығармашылық және ынтымақтастық мерекесі”


    12.12.2024 ж. Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте “Зияткерлік модернизация” жобасы аясында академиялық күнтізбелік жоспарға сәйкес маңызды іс-шара өткізілді. Іс-шараға жобаға қатысушы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері қатысты.

    Шара барысында қатысушылар білім беру үдерісіндегі жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісіп, жобаның нәтижелері мен алдағы жоспарларын талқылады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары мен ғылыми жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

    Келген қонақтар іс-шараның ерекше бөлігі болған Әлихан Бөкейхан мектебі мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен “Тәуелсіздік күніне” арналған концертке де куә болды. Концертте мұғалімдер мен оқушылар өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер айтып, Әлихан құрған “Алаш” дәуірінен көріністер қойып, шығармашылық қабілеттерін паш етті.

    Бұл мәдени бағдарлама қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлап, мектеп ұжымының ынтымағы мен шығармашылық әлеуетін айқындап берді.
    13.12.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    sim1.png?_=1 sim2.png?_=1 sim3.png?_=1

    Полезные ссылки