Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте 2-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында “Толағай” атты отбасылық сайысы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын дәріптеу. Сайысқа әр сыныптан бір отбасы қатысып, түрлі спорттық жарыстарда өзара бақ сынады.
Іс-шара көңілді әрі тартысты өтіп, балалар мен ата-аналар бірлесіп, топтық рухты сезінді. Жеңімпаз отбасылар грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды. Сайыс барлық қатысушылар үшін жарқын эмоциялар мен ұмытылмас естеліктер қалдырды.