27 қараша 2024 жылы Октябрь аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ж.Е. Исакасов 7а, 7б және 6а сынып оқушыларына арналған дәріс өткізді. Іс-шара барысында буллингтің алдын алу, сондай-ақ Әкімшілік және Қылмыстық кодекстің тиісті баптары талқыланды. Дәріске барлығы 60 оқушы қатысты. Оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңға бағынудың маңыздылығы туралы ақпарат жеткізілді.